$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.05.2024, 07:45
Оқиғалар

Атырауда сауда орталығындағы ойын алаңында 10 жасар қыз биіктен құлап кетті

Жеткіншектің құлауына ойын алаңындағы қорғаныш белдігінің үзілуі себеп болған

Атырауда сауда орталығындағы ойын алаңында 10 жасар қыз биіктен құлап кетті
Фото: istockphoto.com

Атырауда сауда орталығындағы ойын алаңында 10 жасар қыз биіктен құлап, жарақат алды. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Басқарманың мәліметінше, оқиға 9 мамыр күні кешкі мезгілде Атырау қаласында орналасқан сауда орталығындағы ойын алаңында болған.

Ойын алаңындағы қорғаныш белдігі үзіліп, жасөспірім биіктен құлап кетіпті. Баланың ата-анасы оқиға орнына жедел жәрдем бригадасын шақырған.

«Жедел жәрдем бригадасының дәрігерлері жасөспірімге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, облыстық балалар ауруханасына жеткізді. Аурухана дәрігерлері 10 жасар қыздың сол жақ шынтақ буынының жабық жарақаты барын анықтады. Мұндай жарақат оң жамбасында да болған. Дәрігерлердің тексеруінен соң стационарлық емдеу шарасы қажеттігі туындамады. Сол себептен, жарақат алған жасөспірім амбулаторлық ем алу үшін үйіне жіберілді», -делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары