21.10.2019, 10:01
Оқиғалар
Алматы маңындағы тас жолда 15 жастағы жасөспірімді қағып кетті
Жол-көлік оқиғасы Алматы маңындағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолында орын алды, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24kz-ке сілтеме жасап
Фото: ашық дереккөзден
Қайғылы оқиға көпір маңында орын алған. Үш жасөспірім төменнен өтетін пойызды бақылап отырады. Сәлден соң екі жасөспірім жандарында болған үшінші танысын таппай қалады.
Куәгерлердің айтуынша, 15 жасар жасөспірім жолдың жарықтандырылмаған учаскесіне шығып кетеді. Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі тежегішті басқанымен, соқтығысудан құтылу мүмкін болмады.
Жаяу жүргінші көліктің алдыңғы әйнегіне басымен соғылып, алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмды. Жол апатының мән-жайын жол полициясы қызметкерлері тексеріп жатыр.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы