$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Қаржыны жымқырып, Дубайға Мадлен сияқтыларды шақырады»: танымал блогер атына кір келтіргендерді сотқа бермек

Блогер оның атын қорлағандарды жазалаймын деді 

«Қаржыны жымқырып, Дубайға Мадлен сияқтыларды шақырады»: танымал блогер атына кір келтіргендерді сотқа бермек
Фото: әлеуметтік желіден скриншот

Әлеуметтік желіде 2 миллион оқырманы бар «Мадлен» атымен танымал блогер Мадинахон Мамадалиева мен Алматының стендап клубы қатысушыларының арасында кикілжің туындады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Алматының стендап клубында жас стендаперлерден құралған топ күнделікті түрде көрерменге әзіл-оспақ айтады. Билеті құны – 1000 теңге. Сондай қойылымдардың бірінде Нұрасхан есімді стендапер сахнадағы әзілінде «Су тасқынына кінәлі, ақшаны жымқырған жемқорлар Дубайға барып, әрі қарай Мадлен сияқты блогерлерді шақырып, көңіл көтеруді жалғастырады» деп айтады.

Бұл видеодағы сөздер блогердің шамына тиіп, өзінің ар-ожданын қорғау үшін сотқа жүгінетінін айтты.

Әзілді айтқан автор мен Алматы стендап клубы бұл оқиға үшін кешірім сұрады.

«Біздің клуб ешқашан ұлттық және гендерлік зорлық-зомбылықты, қорлауды қолдамайды. Біздің клубта түрлі ұлттардың және көзқарастардың комедиялары бар. Біздің алаң- инклюзивті. Біздің сахнада әзілкештің айтқаны үшін әзілкеш жауап береді. Біз онымен байланысқа шықтық, ол өз сөзімен біреуді ренжіткені үшін кешірім сұрады. Біз өз тарапымыздан мұндай оқиғалар орын алмауы үшін қажетті жұмыстарды жүргіземіз», - деп жазды клубтың ресми парақшасы.

Ал блогер кешірім шын жүректен шыққан жоқ дейді. Ол енді заңға жүгінбек. 

«Бұл менің абыройымды қорғау ғана емес, Қазақстандағы барлық қыз-келіншектің ар-ожданын қорғау деп ойлаймын. Бұл мәселені мен заң түрінде шешемін. Қазір біздің елімізде әйелдердің құқығын қорғауға ерекше назар аударылып жатыр. Сондықтан мен әзілкештің үстінен де, оны қорғап, мені одан әрі қорлаған оның әріптестерінің үстінен де арызданамын. Бұл клубтың жұмыс істеуіне мүлдем тыйым салу керек деп ойлаймын», - дейді блогер «Мадлен».

Блогерге Салтанаттың ағасы Айтбек Амангелді де қолдау көрсетті. Ол біздің елімізде әр адам өз сөзіне жауап беруі тиіс екенін айтты.

Серіктес жаңалықтары