$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Мені ғана қорқыта бересіз»: Бишімбаевтың адвокаты судьяға неге «ренжіді»

Судья қорғаушыға ескертудің қорқыту емес екенін түсіндірді 

«Мені ғана қорқыта бересіз»: Бишімбаевтың адвокаты судьяға неге «ренжіді»
Фото: видеодан кадр

Адвокат Ерлан Ғазымжанов Бишімбаевтың отбасы құрғаннан кейін Нүкенованы үш-ақ рет ұрғанын айтты. Оның ойынша, бір жыл ішінде әйелдің 3 рет таяқ жеуі – түк емес, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

«Бишімбаев әйелін бір жыл ішінде 3 рет қана ұрған. Бірақ олар бірге қыдырды, барғысы келген жерлерге барды, ішкені алдында, ішпегені артында, қымбат киім киді, қымбат әшекей тақты емес пе? Сонда олар үш-ақ рет жанжалдасып қалды. Ендеше әр отбасындағы еркекті ұстап, 4 жылдан 7 жылға дейін қамап тастай берейік?» , - деді ол.

Судья Құлбаева адвокаттың ескерту жасады. Оған Ғазымжанов «қорқытқаныңызға рахмет» деп жауап берді.

«Неге маған ғана қысым көрсетесіз, басқаларына ештеңе демейсіз?», - деп ренжіді ол.

Судья ескертудің қорқыту емес екенін түсіндіріп, адвокаттың ҚК заңнамасы нормасын бұзып тұрғанын айтты.

Серіктес жаңалықтары