$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бишімбаевтың адвокаты: Порнография туралы сұрау адамның ар-намысына тимейді

Лейла Рамазанованың пайымынша, егер әйелі полицияға арыз жазбаса, ол отбасында зорлық-зомбылық та жоқ деген сөз

Бишімбаевтың адвокаты: Порнография туралы сұрау адамның ар-намысына тимейді
Фото: видеодан кадр

Астана қаласының ауданаралық сотында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановтың ісіне қатысты жарыссөз жалғасын тапты.

Сотта қорғаушы тараптың адвокаты Лейла Рамазанова сөйлеп жатыр. Оның сөзінше, Нүкеноваға жұмыс істеуге ешкім кедергі болмаған. Марқұм туыстарымен, достарымен емін-еркін кездескен, дүкен аралаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Айыптаушыдар ешқандай фактіге сүйенбей Бишімбаевтың Нүкенованы жүйелі түрде ұрып-соққанын айитады. Бірақ сотқа дейінгі тергеу Нүкенованың бұл туралы құқық қорғау органдарына ешқандай арыз жазбағанын мәлімдеді. Бұл оның Қуандыққа шағымы болмағынын көрсетеді», - деді ол.

Рамазанованың сөзінше Нүкеноваға «порнофильм» туралы қойылған сұрақ оның ар-намысын аяусыз қорлай алмайды.

«Егер әйелдің өзі порнофильмге түспеген болса, бұл оның ар-намысын таптап, психикалық зақым келтіре алмайды. Ол видеоны отбасының шырқын бұзу үшін Қуандыққа біреу жіберген. Салтанаттың тағы да одан кетіп қалуын қалаған біреу жіберген», - дейді адвокат.

Айта кетейік, кеше мемлекеттік айыптаушы Бишімбаевтың Нүкенованы бақылауына алып, оның телефонын тексеріп, жұмыс істеуіне тыйым салып, оны өзіне толықтай қаржылай тәуелді етіп қойғанын айтқан еді.

«Бишімбаев қызғаныш отына салынып, Нүкеноваға порнография көрсетіп, «осыған түскен сен бе» деп сұраған», - деді прокурор.

Жарыссөз жалғасып жатыр. 

Серіктес жаңалықтары