$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркия Израильмен сауда-саттықты тоқтатты – Bloomberg

Израиль тарапы бұл ақпаратты ресми растаған

Түркия Израильмен сауда-саттықты тоқтатты – Bloomberg
фото: www.istockphoto.com

Түркия Израильмен барлық экспорттық-импорттық операцияны тоқтатты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Bloomberg агенттігі хабарлағандай, Түркия бейсенбіден бастап Газа секторындағы шиеленістің күшеюіне байланысты еврей мемлекетімен барлық сауда операциясын тоқтатты.

Осыған қарамастан, түрік тарапы бұл туралы әлі ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Алайда агенттіктің ақпаратын Израиль Сыртқы істер министрлігі растады.

Сондай-ақ, Израильдің Сыртқы істер министрлігінің басшысы Исраэль Кац Израиль билігі жергілікті өндіріске және басқа елдерден импортқа баса назар аудара отырып, Түркиямен сауда жасаудың баламаларын іздеуді бірден бастайтынын айтты.

Түркия мен Израиль арасындағы тауар айналымы 2023 жылы 6,8 миллиард долларды құрады. Бұл соманың шамамен 76% түрік экспорты болды.

Сәуір айында Түркия Израильге экспорттауға арналған бірқатар тауарларға шектеулер енгізді. Анкара ұстанымы бойынша, шектеу шаралары Газа секторында атыс тоқтатылғанға дейін күшінде қалуы керек еді. Түркия шектеулер қойған тауарлар тізіміне қара металлургия өнімдері, авиациялық отын, құрылыс жабдықтары, цемент және химиялық заттар сияқты ондаған позициялар кірді. Израиль өз тарапынан қарсы шара ретінде Түркияда өндірілген өнімдерге бойкот жариялайтынын мәлімдеді.

 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Түркия #Израиль