Қырғызстанда балмұздақ таситын шағын жүк машинасы 29 баланы қағып кетті

7 бала жансақтау бзөлімінде жатыр

Қырғызстанда балмұздақ таситын шағын жүк машинасы 29 баланы қағып кетті
Фото: istockphoto.com

Қырғыз Республикасының Созақ ауданында балмұздақ таситын шағын көлік 29 баланы қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Kabar.kg сайтына сілтеме жасап.

Жалал-Абад облысының Созақ ауданында бүгін, 2 мамыр күні сағат 13:30 шамасында балмұздақ таситын шағын көлік 29 баланы қағып кеткен.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, зардап шеккендердің жасы 9-дан 16 жасқа дейін. Қазіргі уақытта ауруханаға 7 бала жатқызылды, олар реанимацияда, үшеуінің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Созақ аудандық ауруханасында 3 бала, КҚКО-да 8 бала ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы орташа ауыр.

Төтенше жағдай орнында 11 балаға көмек көрсетілді, олар амбулаториялық емдеуге жіберілді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.