02.05.2024, 15:00
Оқиғалар
Алматы облысында мейрамханадан өрт шықты
Өрт сөндірушілер үш газ баллонын алып шықты
Фото: ҚР ТЖМ
Алматы облысы Талғар ауданындағы мейрамханалардың бірінде өрт шықты. Жалын тек қоймаларды ғана емес, сонымен қатар жақын маңдағы сауда орындарын да шарпыды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт сөндірушілер келісімен ауа-газ қоспасының екі тарсылын естіген. Сол сәтте құтқарушылар өрттің таралуына жол бермей, 50 литрлік 3 газ баллонын алып шықты.
«Өрт толығымен сөндірілді. Оның ауданы 165 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр», - делінген хабарламада.

Тақырыпқа орай: Алматыдағы «Атакент» көрме кешенінің павильоны өртенді
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты