02.05.2024, 15:20
Оқиғалар
Бразилияда дауылдың салдарынан он адам қаза тапты
107 қалада төтенше жағдай жарияланды
Фото: istockphoto.com
Бразилияның оңтүстігінде болған қатты дауылдардан қаза тапқандар саны екі күнде 10 адамға жетті, тағы 21 адам әлі де хабар-ошарсыз, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силва штатқа залалды бағалау үшін келген.
«Бұл біздің штат тарихындағы ең ауыр климаттық апат», - деді губернатор Эдуардо Лейте.
Шенеуніктің айтуынша, ауа райы қызметі сенбіге дейін жаңбыр жауады деп болжаған.
Синьхуа хабарлағандай, 4,4 мыңға жуық тұрғын эвакуацияланды, 107 қалада төтенше жағдай жарияланды.
Штаттың ең ірі қалаларының бірі Санта-Марияда сәрсенбіде көшкін болып, өзен жағадан шығып, көпірлер мен жолдарды шайып кеткен.
Көп оқылған
29.06.2026, 10:54
«Қалжың деп ойлаған еді»: астаналық жас жұбайлар Threads арқылы танымайтын адамдарды тойына шақырды
29.06.2026, 13:32
«Военкоматтан келіп тұрмын»: жас жігіт әскерден қашамын деп Ақбұлақ өзеніне секіріп кетті (ВИДЕО)
29.06.2026, 10:35
Қазақстанда алдағы күндері 38 градус ыстық болады: үш күнге арналған болжам жарияланды
29.06.2026, 11:05
«Өз өмірім үшін қорқамын»: Алматыда жұмбақ жағдайда көз жұмған Вероника Соколованың анасы дабыл қақты