02.05.2024, 14:21
Оқиғалар
Атырауда мереке күні жедел жәрдем фельдшерін ұрып-соққан
Күдікті ұсталды
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев
Атырауда мереке күні жедел жәрдем қызметінің фельдшерін ұрып-соққан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға Атырау қаласында 1 мамыр күні түнгі сағат 3:40 шамасында болған. 20 жастағы тұрғын жедел жәрдем қызметінің фельдшерін ұрып-соққан.
Күдікті анықталып, ұсталды. Наркологиялық тексеру нәтижесінде күдіктінің жеңіл дәрежелі мас екені анықталды.
"Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды", - делінген ДП хабарламасында.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды