$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтауда мереке күні автокөлік жанып кетті

Зардап шеккендер жоқ

Ақтауда мереке күні автокөлік жанып кетті
Видео: Lada.kz

1 мамыр күні Ақтаудағы 30 шағынауданда автокөлік өртеніп кетті. Өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Маңғыстау облысы ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Автокөліктің өртенгені туралы хабарлама ТЖД кезекшісінің пультіне кеше, 1 мамырда сағат 18:33-те келіп түсті. Skoda Rapid маркалы автокөлік «Олжа» әмбебап сауда кешенінің алдындағы жолда өртенді.

Өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. 

«2014 жылы шығарылған Skoda Rapid маркалы автомобильдің қозғалтқыш бөлігінің өртеіп жатқаны туралы ақпарат келіп түсті. Өрт 18:45-те сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бір техникасы мен жеті қызметкері өртті сөндіруге жұмылдырылды», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Оқиға орнында түсірілген видео Instagram-дағы «112-Ақтау» парақшасында жарияланды.

Серіктес жаңалықтары