«Оның жүрегі жоқ»: Прокурор жарыссөзде Нүкенованың басына жиналған «қанды» көрсетті

Темірхан Айжан

Айжан Аймағанованың айтуынша, марқұм Нүкенованың басына 230 мл қан жиналған 

«Оның жүрегі жоқ»: Прокурор жарыссөзде Нүкенованың басына жиналған «қанды» көрсетті
видеодан скриншот

Прокурор Айжан Аймағанова жарыссөзді бастады. Ол Нүкенованың 2023 жылдың көктемінде, жазы мен күзінде Бишімбаевтан психологиялық, физикалық қорлық көргенін, соққыға жығылғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

Мемлекеттік айыптаушы Бишімбаевтың Нүкенованы азаптағаны жәбірленушінің, куәгерлердің, сотталушы Байжановтың берген куәлігі, фото мен бейнематериал, жазысқан хаттар мен жазбалар растайтынын мәлімдеді.

«Құрметті алқабилер, құрметті сот, мен ақылды, білімді, келбетті бірақ ең маңызды нәрсесі, жүрегі жоқ адамды бірінші рет көріп тұрмын. Онда жүрек жоқ. Біз оның көзінен өкініш көрген жоқпыз. Жанашырлық, аяушылық сезімін көрмедік. Бишімбаевтың айтқанындай, Салтанат унитазға, еденге құлағаннан қаза тапты ма әлде оның соққыларынан көз жұмды ма, оны бізге мамандар мен экспертиза қорытындысы көрсетіп берді», - деді Айжан Аймағанова.

Ол соққылардан кейін Нүкенованың басына жиналған қанның көлемін құтыға сұйықтық құйып көрсетті.

«Адам басына 70 мл гематома жиналса, өледі. Ал, Салтанаттың басына 230 мл қан жиналып, миын қысты», - деді мемлекеттік айыптаушы.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.