30.04.2024, 09:13
Оқиғалар
Қарағандыда монша өртенді
Өрттен зардап шеккендер жоқ
Фото: ҚР ТЖМ
Бүгін түнде Қарағанды қаласындағы екі қабатты монша ғимаратында
ағаш конструкциялары мен жиһаз жанып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт сөндірушілер 98 ш.м алаңда өртті сөндірді.
«Сондай-ақ, шақыру орнына Апаттар медицинасы орталығы филиалының шұғыл әрекет ету бригадасы келді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.
Өрттің себебі анықталып жатыр.
Бұған дейін Семейде тұрғын үйден өрт шығып, 35 адамның эвакуацияланғанын жазған болатынбыз.
Көп оқылған
22.11.2026, 08:33
Елордада тұмау жұқтырғандар көбейді: науқастар арасында балалар мен жүкті әйелдер бар
22.11.2026, 16:07
23 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды
23.11.2026, 11:01
«Балам үш рет түрмеге түскен, оның 25 млн теңге, өзімнің 4 млн теңге қарызым бар»: Алматыдағы «таксист» әже алғаш рет сұхбат берді
22.11.2026, 10:40
Ақтөбе облысында көліктің барлық түрі үшін жол ашылды
22.11.2026, 13:15
СҚО-да жабылған тасжолдардағы қозғалыс қайта ашылды
