30.04.2024, 06:44
Оқиғалар
Семейде тұрғын үйден өрт шығып, 35 адам эвакуацияланды
Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ
Фото: t.me/qr_tjm
Семей қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйдің 7-қабатындағы пәтерлердің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, өрт аумағы – 25 ш.м.
«Өрт сөндірушілердің үйлесімді және жедел іс-әрекеттерінің арқасында өрт 20 минут ішінде сөндірілді», - делінген хабарламада.
ТЖД құтқарушылары өрттен 4 адамды құтқарды. Сондай-ақ, баспалдақпен 31 адамды, оның ішінде 11 баланы эвакуациялады.
Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.
Көп оқылған
28.08.2026, 11:05
Шұғыл: Қазақстан Үкіметі өкілеттігін тоқтатты
28.08.2026, 13:02
Ұзынағашта ерлер дәретханасынан 21 жастағы қыздың мәйіті табылды
28.08.2026, 16:16
Павлодарда күзетші кәсіпорынның 25 млн теңгесін ұрлап, ауласындағы алма ағашына жасырып қойған (ВИДЕО)