Су тасқынынан тоқсаннан астам адам қаза тапты
Кенияда мыңдаған адам су тасқыны салдарынан үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды

Кения билігі Шығыс Африка елін шарпыған нөсер жаңбыр мен жойқын су тасқынынан кейін адам шығыны мен қираған мүліктер туралы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жергілікті полицияның дерегіне сүйенсек, табиғи апаттан 90-нан астам адам қаза тапты. Көп адамның хабар-ошарсыз кеткенін ескерсек, қаза тапқандардың саны артуы мүмкін.
Жауын-шашын мөлшері орташа деңгейден асқан бірнеше округте үйлер мен мектептер, әртүрлі кәсіпорындар қирады.
Синьхуа хабарлағандай, Кения шенеуніктері мен гуманитарлық ұйымдар адамдарды су басқан жерлерден аулақ болуға, биік жерлерге көшуге және қатты жаңбыр кезінде көлік жүргізбеуге шақырды.
Ел Үкіметі табиғи апаттарды азайту шараларын күшейтіп жатқанын айтты.