29.04.2024, 12:00
Оқиғалар
Орал қаласында көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты
53 адам эвакуацияланды
Видео: ҚР ТЖМ
Орал қаласында көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты. Барлығы 53 адам эвакуацияланды, оның ішінде 18-і балалар, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Орал қаласында көппәтерлі тұрғын үйдің 7 қабатындағы пәтерлердің бірінде өрт болды. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.
"Дереу оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 53 адамды, оның ішінде 18 баланы эвакуациялады.
Өрт сөндірушілердің үйлесімді жұмыстарының арқасында, өрт 18 ш.м алаңда сөндірілді", - делінген ҚР ТЖМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Өрттің себебі анықталып жатыр.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды