$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Әуе компаниялары 101 жастағы әжейді сәбимен шатастырып алған

Әуе билеттерін брондау жүйесі жасы жүзден асқан жолаушыларды есептемейді 

Әуе компаниялары 101 жастағы әжейді сәбимен шатастырып алған
Фото: BBC

Әуе компаниялары 101 жастағы әжейді бірнеше рет сәбимен шатастырып алған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy BBC-ге сілтеме жасап. 

Патрисия атты әйел 1922 жылы дүниеге келген, 101 жаста. Бірақ, American Airlines' әуе билеттерін брондау жүйесі адамдарды 100 жасқа дейін ғана есептей алады. Сондықтан, қарт ананы 2022 жылы туған деп бала деп жазып жіберген.

Патрисия осы олқылықтың үнемі қиындық тудыратынын айтады. Әуежай қызметкерлері кішкентай бала деп ойлағандықтан қарт кісіге арналған арба дайындап тұрмайды. Оның сапарларына жолсерік болатын қызы Крис жүктерін бір қақпадан екінші қақпаға тасып, шаршайды.

«Қызметкерлер компьютерді жөндесе екен. Өйткені, менің байғұс қызым бар, жүгімізді бір орыннан екінші орынға тасып, 1 жарым шақырым жерді жаяу жүріп өтуге мәжбүр», - дейді ол.

Көп жасаған қария 97 жасына дейін өздігінен сахаттап жүре беретін болған. Тек кейінгі уақытта балаларының көмегіне жүгінеді екен. Ол жақында 102 жасқа толады.

Серіктес жаңалықтары