25.04.2024, 12:29
Оқиғалар
Алматы тұрғынының үйінен есірткі қоймасы анықталды
Сот-химиялық сараптама тағайындалды
Фото: polisia.kz
Алматыда тұрғынның пәтерінен есірткі қоймасы анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әуезов ауданының тұрғыны өзінің пәтерінде героинді қолдану үшін үй-жай беріп, есірткі қоймасын ұйымдастырған. Пәтерді тінту кезінде электронды таразылар, пайдаланылмаған шприцтер, құрамында өсімдік тектес және ұнтақ түріндегі заттары бар байламдар табылып, тәркіленді.
Оны есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жойды.
«Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-химиялық сараптама тағайындалды», – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.
Көп оқылған
13.07.2026, 10:57
Алматыда жеке кәсіпкер есігінің алдында өсіп тұрған ағашты кесемін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
13.07.2026, 11:50
Астанада түнгі уақытта тыр жалаңаш жүрген ер адам алдағы 25 күнін қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
13.07.2026, 12:17
Ауа райы күрт ысиды: Қазақстанда алдағы күндері температура 45 градусқа дейін көтеріледі
13.07.2026, 16:36
Аялдамасынан өтіп кеткен: Астанада ашуға булыққан жолаушы жүргізуші кабинасының әйнегін сындырды