$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырау халқы жаппай көшіп жатыр деген хабар жалған болып шықты

Жергілікті жедел штаб халықтан жалған ақпарат таратпауды сұрайды

Әлеуметтік желіде Атырау тұрғындары жаппай көшіп жатыр деген хабарлама тарады.  Облыстың Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы ақпартты теріске шығарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Желіге тараған видеода Атырау вокзалында ары-бері өткен көпшілікті көруге болады. Көшіп кетіп жатқан адамдардың көптігі сонша, кассаларда билет қалмаған деген жазбалар жүр.

«Бейне авторы жергілікті тұрғындарды шатастырып, қала тұрғындарының жаппай кетіп жатқаны туралы жалған ақпарат таратып отыр. Кеше, 10 сәуірде вокзалға бірден төрт пойыз келді: Құлсары қаласынан вахталық жұмысшыларды алып келген пойыз; Атырау - Құлсары бағытындағы бес вагоннан тұратын тегін пойыз; Ақкөл (Құрманғазы ауданы); Алматыға дейінгі пойыздар», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, пойыздар жүріп кеткеннен кейін, вокзалда жолаушылар да қалмаған

«Қазір вокзалда дүрбелең жоқ. Қазақстандықтардан жалған ақпарат таратпауды және тек тексерілген фактілерге сенуді сұраймыз», - деді жедел штабтан.

Серіктес жаңалықтары