11.04.2024, 16:36
Оқиғалар
«Балаларыңның басына келсін». Бишімбаев бауырын не үшін қарғады?
Бақытжан Байжановтың сөзінше, Бишімбаев оны қорқытып, қысым көрсеткен
видеодан скриншот
Бақытжан Байжанов Қуандық Бишімбаевтың өзіне осы уақытқа дейін әртүрлі қысым көрсетіп келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Бірінші қабатта «стақанда» отырғанда «жедел-жәрдемге бірге қоңырау соқтық деп айтасың» деді. «Егер осылай демесең, мен сені қарғаймын, менің қазіргі күйімді сенің басыңа, балаларыңның басына берсін» деп айтты», - деді Байжанов.
Сонымен қатар оның айтуынша, Бишімбаев Нүкеноваға мүсәтір спиртін иіскеткенде, «қасымда тұрдым деп айтасың» деп қорқытқан.
Айта кетсек, бұған дейін Байжанов берген куәлігінде, өзінің жедел-жәрдемге қоңырау соққанын, сол кезде Бишімбаевтың көріпкелмен сөйлесіп тұрғанын айтқан болатын.
Көп оқылған
26.11.2026, 11:04
«Жейдесінің сау тамтығы қалмаған»: Атырауда әйелін 28 жерінен пышақтаған ер адамның сотында сұмдық айғақтар жария болды
26.11.2026, 09:05
Бүгін түнде Алматыда бес адам, соның ішінде бір бала тірідей жанып кетті
26.11.2026, 14:30
«Папам мамама пышақ тықты»: Атырауда әкесі үш жасар қызын бір тәулік бойы мәйіттің жанына жалғыз тастап кеткен
26.11.2026, 13:49
«Қаза тапқан бала 4-сыныпта оқитын қыз еді»: Алматыдағы алапат өрттің куәгерлері қорқынышты түнді еске алды
