$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Құлсарыда суға қалқып шыққан мәйітті қайтадан қалай жерлеу керек? Нұрлан имамның жауабы

Ер адамның мүрдесі Құлсары қаласындағы «Рамазан» деген дүкеннің жанында қалқып жүрген

Құлсарыда суға қалқып шыққан мәйітті қайтадан қалай жерлеу керек? Нұрлан имамның жауабы
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

9 сәуірде құтқарушылар су тасқыны кезінде мазардан шығып қалған мәйітті тапты. Ер адамның мүрдесі Құлсары қаласындағы «Рамазан» деген дүкеннің жанында қалқып жүрген. Атырау облысының полиция департаменті «мәйіттің тасқын су кезінде сыртқа шығып қалғанын, оның бұрын жерленген адам екенін» айтты. Ер адамның кім екені әлі анықталмаған.

Azattyq Ruhy тілшісі имам Нұрлан Байжігітұлына хабарласып, «сыртқа шығып қалған мәйітті қайта жерлеу кезінде қандай ғұрыптар орындалуы керек?» деп сұрады.

«Оған қайта жаназа оқылмайды. Қабірдің топырағы кеппеген болса, су тасқыны кезінде адамның денесі сыртқа шығып қалады. Қайтадан қабір қазып, жерлеу керек. Біз ырымшыл халықпыз ғой, сондықтан «бұл Құдайдан белгі, отбасы бір нәрсеге ұшырауы мүмкін, өлген адамның арғы дүниеде аруағы қиналады» деген сияқты түсінік болуы мүмкін. Ол қате түсінік. Өмір болған соң, бәрі болады. Сол күйінде, кебіні жыртылып кетсе, сыртынан орап жерлеу керек. Қылмысты зерттеу барысында мамандар эксгумация жасау үшін өлікті қазып алады. Ол кезде бүкіл ғұрып қайтадан орындалады, жаназа қайта шығарылады. Ал бұл жағдай басқа», - деді имам.

Сонымен қатар Нұрлан имам халықтың сындарлы сәтте сағы сынбай, бірлігін жоғалтпауын тіледі.

Серіктес жаңалықтары