Италияда электр станциясында жарылыс болып, 3 адам қаза тапты

Аягөз Құрмаш

Тағы үш адам хабар-ошрасыз кеткен

Италияда электр станциясында жарылыс болып, 3 адам қаза тапты
Фото: freepik

Италияның солтүстігіндегі электр станциясында жарылыс болып, үш адам қаза тапты. Тағы үшеуі хабар-ошарсыз кетті, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Оқиға Болонья қаласының оңтүстігіндегі Апеннин тауларындағы Сувиана су қоймасындағы су электр станциясында болған.

Қазір жоғалған адамдар іздестіріліп жатыр. Апаттан кем дегенде тағы 10 адам жарақат алған. Олардың төртеуі ауыр жағдайда.

Синьхуа хабарлағандай, жақын маңдағы муниципалитеттің мэрі Марко Масинара айтқандай, электр станциясының жер асты қабатында, шамамен 30 метр тереңдікте өрт шыққан.

«Маған өрт сөндіру бригадасы нысанға кіруге әрекет етіп жатқаны жайлы хабар жетті. Алайда олар әлі кіре алмай жатыр», - деді ол.

М. Масинара жарылыс кезінде станцияның турбиналарында жөндеу және алдын алу жұмыстары жүргізілгенін айтты.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.