$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.04.2024, 14:36
Оқиғалар

Бишімбаев сотындағы алқабилердің суретін жариялаған автор мен оның бас редакторы жазаға тартылады

Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлады

Бишімбаев сотындағы алқабилердің суретін жариялаған автор мен оның бас редакторы жазаға тартылады
sud.gov.kz

“БАҚ туралы” Заңға сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иесі, таратушысы, бас редакторы, сондай-ақ таратылған материалдардың авторлары жазаға тартылады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Дереккөзіне сүйенсек, процесс барысында іс бойынша төрағалық етуші сот алқабилер алқасын фото және бейнежазбаға түсіруге, сондай-ақ олардың бейнелерін таратуға болмайтынын ескерткен. Яғни, алқабилерге қысым жасалмау үшін олардың түрін ешкім танымауы керек.


«Бұл тыйымды бұзу сотқа қысым көрсету әрекеті ретінде танылады. “БАҚ туралы” Заңға сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иесі, таратушысы, бас редакторы, сондай-ақ таратылған материалдардың авторлары жазаға тартылады. Осыған байланысты сот кінәлі адамдарды әкімшілік жауаптылыққа тарту рәсімін бастады», - деп хабарлады баспасөз қызметі.


Іс бойынша төрағалық етуші жарияланған материалдарды алып тастауды міндеттеді, сонымен қатар оларды таратуға тыйым салды. Айта кетейік, бүгін судья сот залынан БАҚ өкілдерін шығарып жіберген болатын.

Серіктес жаңалықтары