$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.04.2024, 11:16
Оқиғалар

Судья Бишімбаев ісінде журналистерді сот залынан шығарып жіберді

БАҚ өкілдерінің бірі соттағы алқабилерді суретке түсіргені анықталды

Судья Бишімбаев ісінде журналистерді сот залынан шығарып жіберді
Видеодан скриншот

Бүгін Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр. Сот бастала сала судья журналистерді сот залынан босатты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Анықталғандай, бұған дейін сот залына кірген БАҚ өкілдерінің бірі алқабилерді суретке түсіріп, желіге таратқан. Судья бұқаралық ақпарат құралдарын, әлеуметтік желідегі парақшалар мен жеке тұлғаларды суретті өшіруге міндеттеді.

«Осындай фактілерге қайта жол бермеу үшін және алқабилермен процессуалды емес байланыс орнатпау үшін, сонымен қатар, әділ үкім шығару мақсатында сот БАҚ, әлеуметтік желі мен жеке тұлғаларды ғаламтордан алқабилердің суретін өшіруге міндеттейді. Қылмыстық істі обьективті және тиісті түрде қарау үшін тексеру нәтижесі аяқталғанша судья БАҚ өкілдерін сот залынан шығару туралы шешім қабылдады», - деді судья.

Жоғарғы соттың Youtube каналында тікелей эфир жалғасып жатыр. 

Серіктес жаңалықтары