Дағыстан азаматы тәулік бойы жол жүріп Атырау халқына 50 мың қап жеткізген
Омарасхаб Ахмедов Атырауға 50 мың қап алып келді

Қазақстандағы су тасқыны туралы естіген дағыстандық Омарасхаб Ахмедов тәулік бойы жол жүріп, Атырау облысына жеткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pricom онлайн басылымына сілтеме беріп.
Айтуынша, ол Ресеймен шекаралас Атырау өңірінде су тасқынын бөгеуге арналған қап жетпей жатқаны туралы хабарламаны естіп, көмектескісі келген.
«Түнгі сағат 02.00-де досыма барып, оның қоймасындағы қаптарды сұрап алдым. Оларды жүк көлігіме тиеп алдым да, Астрахан облысы арқылы Атырауға жол тарттым. Түнімен жүріп келдім. Бауырлас халықтың басына қиындық түскенін естігенде, дереу көмектесуге бел будым», - дейді ол.
Омарасхаб Ахмедовтың сөзінше, Дағыстанда оның достары мен таныстары Атырауға арнап гуманитарлық көмек жинап жатыр.