08.04.2024, 17:35
Оқиғалар
Шахтинск қаласында әйел адам тоғызыншы қабаттан құлады
44 жастағы әйел алған жарақаттарынан көз жұмды
Фото: видеодан скриншот
Шахтинск қаласында әйел адам тоғызыншы қабаттан құлады. Оның балконнан құлаған сәтінің видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеода әйелдің тоғызыншы қабаттағы балконның карнизін ұстап тұрғанын көруге болады, содан кейін ол төмен қарай құлап кетеді. Оқиға орнына құтқарушылар мен полицейлер жедел жетті.
«8 сәуірде Шахтинск қаласында көпқабатты үйлердің бірінде 44 жастағы әйел тоғызыншы қабатта орналасқан балконнан секіріп кетті. Салдарынан ол ауыр жарақат алып, қайтыс болды», - деп мәлімдеді Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция болған оқиға бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
Көп оқылған
27.10.2026, 13:01
Атырауда «қайын жұртын қырып тастаған» жігітті өмір бойына соттаған атақты судья марапатталды (ВИДЕО)
27.10.2026, 11:50
Ішкі істер министрлігі «ұлдарға зорлық жасады» деген күдікпен Исматулла Мақсұмға қатысты жаңа тергеу бастады
27.10.2026, 17:43
Ресми ақпарат: Жеңіс Қасымбек жаңа лауазымға ие болды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды