Елордада бір тәулікте 140-тан астам адам карантин талаптарын бұзған
97 адамға айыппұл салынып, 9-ы қамауға алынған
Нұр-Сұлтан қаласында өткен тәулікте қалалық полиция департаментінің аумақтық бөлімшелеріне 169 адам жеткізілген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Соның ішінде, 142 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 9-ы қамауға алынған.
«Қазіргі карантиндік режимде қылмыс саны 34%-ке, аса ауыр қылмыс 43%-ке дейін төмендеген. Бұл істеліп жатқан жұмыстың нәтижелілігін көрсетеді. Дегенмен әлі күнге көшеде ешқандай құжатсыз және қорғаныш заттарынсыз жүрген жандар да бар. Өткен тәулікте қалалық полиция департаментінің аумақтық бөлімшелеріне 169 адам жеткізілді. Соның ішінде, 142 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 9-ы қамауға алынған. Сондай-ақ 97 айыппұл салынып, 32 ескерту де жасалған. Мұнан бөлек 4 іс соттың қарауында жіберілді», - дейді Сарыарқа ауданының полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Марат Өмірбаев.