$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.04.2020, 05:41
Оқиғалар

Павлодарда екі күнде 108 көлік айыппұл тұрағына қойылды

Көліктер иесіне карантин аяқталғаннан кейін қайтарылады

Павлодарда екі күнде 108 көлік айыппұл тұрағына қойылды
Фото: pavlodarnews.kz

Павлодарлық полицейлер карантинге байланысты шектеу іс-шараларын сақтау бойынша рейдтік шаралар жүргізуде және осыған орай облыс орталығында 7 патрульдік бекет қойылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, тәртіп сақшылары карантин режимін және қозғалыс шектеулерін бұзған 85 автокөлік жүргізушісін ұстады.

«Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін құқықбұзушыларға қатысты әкімшілік өндірістер қозғалды. Соның ішінде 85 адам карантин режимін бұзды. Материалдар шешім қабылдау үшін Павлодар қаласының әкімшілік сотына жолданды. Сот шешімімен 1 көлік жүргізушісі 2 тәулікке әкімшілік қамауға алынса, 6 көлік жүргізушісіне 10 АЕК көлеміндегі әкімшілік айыппұл салынды», - деп жазылған хабарламада.

Қалған материалдар сот қарауында. Барлық автокөліктер арнайы тұраққа қойылды және олар иелеріне карантин аяқталғаннан кейін қайтарылады.

Серіктес жаңалықтары