Астанада көпірден секірмек болған әйел құтқарылды
Патрульдік полиция полкінің инспекторы әйелді дер кезінде байқап қалған

Астанада полиция қызметкері көпірден секірмек болған әйелді құтқарып үлгерді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, патрульдік полиция полкінің инспекторы Евгений Казаков Есіл өзеніне секірмек болған 42 жастағы әйелді құтқарып қалған.
«Бұл оқиға 23 наурызда Сарайшық көшесінің бойында болған. Полиция қызметкері патрульдеу кезінде көпірдің шетінде тұрған әйелді байқаған. Лейтенант Казаков дереу көпірге шығып, өз өмірін үзе жаздаған әйелді аман алып қалды», - делінген хабарламада.
Жақын маңдағы сақшылар да көмекке келіп, келіншекті қауіпсіз жерге шығарған.
Жедел жәрдем жеткенше полиция қызметкерлері тарапынан алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсетілді.