27.03.2024, 06:09
Оқиғалар
Абай облысында көліктері сынып, жолда қалып қойған жүргізушілер құтқарылды
Алғашқы медициналық көмек көрсеткеннен кейін құтқарушылар оларды Семей қаласына жеткізді
Видеодан алынған кадр
«112» пультіне көліктің сынуы салдарынан екі адамның ауылдық жолда қалып қойғаны және оларды эвакуациялау қажет екендігі туралы хабарлама келген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға орнына дереу жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жіберілді.
Құтқарушылар келгеннен кейін жүк көліктерінің сынуына байланысты 2 ер адам ауылдық жолға шығып, трассаға қарай жаяу жүргені анықталды.
Аталған аймақта дұрыс жолдың болмауына байланысты жедел-құтқару жасағының қызметкерлері шамамен 4 шақырым жаяу жүріп, зардап шеккендерді тапты.
Алғашқы медициналық көмек көрсеткеннен кейін құтқарушылар оларды Семей қаласына жеткізді.
Көп оқылған
11.08.2026, 10:40
«Кінәсіз»: Қаскелеңде күйеуін пышақтап өлтірген жүкті әйел сот залында босап шықты
11.08.2026, 11:17
Ақмола облысының тас жолындағы сұмдық апат: екі адам қаза тауып, сегізі ауруханаға түсті
11.08.2026, 09:25
Боқтап, полицияға бағынбаған: БҚО-да жас жігіт бір айға жуық уақытын қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
11.08.2026, 16:31
«Жол бермеді» деп жүргізушіні ұрып жыққан: Алматыда жолдағы жанжал қылмыстық іске ұласты (ВИДЕО)
11.08.2026, 14:17
5 млн теңге алимент төлемеген: Астана тұрғыны екінші рет сотталды