Түркістан облысында көлікпен өзенді кесіп өтпек болған көлік аударылып қалды

Azattyq Rýhy

Дер кезінде көмекке келген құтқарушылар қайғылы оқиғаның алдын алды

Түркістан облысында көлікпен өзенді кесіп өтпек болған көлік аударылып қалды
Фото: depositphotos.com

Түркістан облысында көлікпен өзенді кесіп өтпек болған үш адам ажал құша жаздады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, оқиға Түркістан облысындағы Қаратау мемлекеттік табиғи қорығының аумағында болған. Үш адам Хантағы өзенінен өтпек болған кезде көлік аударылып кеткен.

«21 наурыз күні кешке көліктің өзенде тұрып қалғаны туралы хабар келіп, оқиға орнына төрт құтқарушы жеткенде, көлік аударылып үлгергенін, ал жүргізуші мен жолаушылар арғы жағаға шығып кеткен. Қызметкерлер зардап шеккендерге көмектесіп, көлікті судан шығара алды», - деді Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері.

Дер кезінде көмекке келген құтқарушылар қайғылы оқиғаның алдын алды. Зардап шеккендер Кентауға жеткізілді, оларға медициналық көмек қажет емес болып шықты.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.