22.03.2024, 07:41
Оқиғалар
Алматыда жол апаты болып, 1 адам көз жұмды
Қазір сотқа дейінгі тергеу басталып, тиісті сараптама тағайындалды
Фото: іstockphoto.com
Алматыда Саин көшесінде болған жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тауып, екеуі жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 21 наурыз күні сағат 20:00-де Әуезов ауданында болған.
«Мерседес автокөлігінің жүргізушісі Саин көшесімен солтүстік бағытта, Ұлықбек көшесінің қиылысында келе жатып, рульге ие бола алмай, соғылған. Оқиға салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, оның екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Қазір сотқа дейінгі тергеу басталып, тиісті сараптама тағайындалды.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді