$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.03.2024, 20:14
Оқиғалар

Алматы облысы Бесағаш ауылында жағдай тұрақты

Аймақта жергілікті ауқымдағы ТЖ жарияланды

Алматы облысы Бесағаш ауылында жағдай тұрақты
Фото: ТЖМ

Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында үй мен контейнердің құлау қаупі жойылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚазГидроСпас» ЖШС күшімен Алматы облысы Бесағаш ауылындағы еңістің жоғарғы бөлігінде орналасқан тұрғын үйді бұзу жұмыстары жүргізілуде.

«Қабылданған шаралармен үй мен контейнердің құлау қаупі жойылды. Кранның көмегімен иілген контейнерді алып тастау және одан әрі тау баурайын нығайта отырып, кірген топырақты тазарту жоспарлануда», - делінген хабарламада.

Облыс әкімінің төрағалығымен жоспардан тыс отырыс өткізілді және табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы ТЖ жарияланды. Шұғыл шаралар қабылдау қажеттігі туралы нақты тапсырмалар берілді. 

ТЖ жоюға ТЖД , «Қазселденқорғау» ЖАО, ПД, «Қазгидроспас» ЖШС 70-ке жуық адам, 25-ке жуық техникасы жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары