21.03.2024, 06:50
Оқиғалар
Қызылордада жүк көлігі қағып кеткен жасөспірім ауруханада қайтыс болды
Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды
Фото: istockphoto.com
Қызылорда қаласында «КаМАЗ» жүк көлігі жасөспірімді қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасынан жасөспірім ауруханаға жеткізіліп, қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға Қызылорда қаласына қарасты Қызылжарма ауылдық округі аумағында болған.
Бұл оқиғаның болғаны жөнінде Қызылорда облыстық полиция департаменті растап, төмендегіше түсініктеме берді.
«Айта кетсек, КаМАЗ маркалы жүк көлігінің жүргізушісі кәмелетке толмаған жасөспірімді қағып, жол-көлік оқиғасы тіркелді. Дене жарақатын алған жасөспірім Қызылорда көпбейінді ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Жасөспірім алған жарақаты салдарынан қайтыс болды. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп мәлім етті департаменттен.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді