20.03.2024, 11:03
Оқиғалар
Алматыда түнде жол апаты болып, 4 көлік соқтығысты
Жол апаты 17 жастағы жүргізушінің кесірінен болған
Видео: telegram.org/kris_p_almaty_official
Алматының Әл-Фараби даңғылында түнде жол апаты болып, 4 көлік соқтығысты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады.
Жол апаты 19 наурыз кешкі сағат 21:00-де Бостандық ауданында болған.
«Жол апатында 4 көлік соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша Toyota Camry көлігінің 17 жастағы жүргізушісінің кінәсінен жол апаты болды. Зардап шеккендер жоқ. Аталған дерек Бостандық ауданының полиция басқармасында тіркеліп, өндіріске қабылданды. Сондай-ақ тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді