20.03.2024, 06:12
Оқиғалар
Қостанай облысында жеке тұрғын үйден өрт шығып, 2 газ баллоны жарылды
Жергілікті тұрғындар үй ішінен 2 адамды аман алып шықты
Фото: istockphoto.com
Қостанай облысында жеке тұрғын үйден өрт шығып, 2 газ баллоны жарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Қостанай облысы, Меңдіқара ауданында жеке тұрғын үйде 70 ш.м. алаңда өрт болып, кейіннен көлемі 27 литр болатын 2 тұрмыстық газ баллон жарылған.
«ТЖД келгенге дейін жергілікті тұрғындар үйдегі 2 адамды құтқарды. Өрттен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда. Өрт толығымен жойылды», - делінген хабарламада.
ТЖД 4 адамы, 1 бірлік техника жұмылдырылды
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді