18.03.2024, 07:03
Оқиғалар
Ақтөбеде көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 11 адам эвакуацияланды
Өрттің алдын-ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы
Фото: ҚР ТЖМ
Ақтөбелік өрт сөндірушілер 11 адамды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, сағат 16-04-те Ақтөбе қаласы 12 ш/а.9 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің 8-ші қабатындғы пәтерде жиһаз жанды.
ТЖД күшімен жоғарғы қабаттардан баспалдақ арқылы 11 адам, оның ішінде 3 бала эвакуацияланды.
04-17-де өрт жойылды. Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің алдын - ала себебі-электр сымдарының қысқа тұйықталуы.
Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамнан 33 адам, 6 бірлік техника жұмылдырылды.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді