17.03.2024, 20:50
Оқиғалар
Түркістан облысында 5 жасар қыз суару каналына батып кетті
Іздеу жұмыстарына 93 адам және 4 техника жұмылдырылды
Фото: Түркістан облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы
Түркістан облысында 5 жасар қыз суару каналына батып кетті. Бұл туралы Түркістан облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖД мәліметінше, оқиға Сарыағаш ауданына қарасты Біртілек ауылында болған.
5 жасар бүлдіршін 16 наурыз күні түскі уақытта үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған.
Куәгерлер суару каналынан аяқ киімін көргенін айтты. Іздеу жұмыстарына төтенше жағдай департаменті мен жергілікті атқарушы органдардан және полиция қызметінен 93 адам және 4 техника жұмылдырылды.
«Іздеу тобы жоғалған қыздың денесін үйден 2 шақырым жердегі каналдан тауып, судан шығарып алды», - делінген ақпаратта.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді