$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.04.2020, 17:58
Оқиғалар

Павлодар облысында 26 саяжай өртеніп кетті

Көктем шыққалы 44 саяжай өртке оранды

Павлодар облысында 26 саяжай өртеніп кетті
Фото: ашық дереккөзден

Соңғы үш аптада Керекуде жалпы ауданы 5,8 мың гектар аумақ өртеніп кетті. Осы аралықта 192 өрт болған. Бұл жөнінде Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы онлайн брифингте айтты.

Биыл Ертіс өңірінде күн әдеттегіден ерте жылынды. Осыған байланысты саяжайларда жұмыс қыза түскен. Мамандардың айтуынша, тұрғындардың қоқысты бей-берекет жағуынан аймақтағы саяжайларда өрт жағдайы жиілеп кеткен.

«Өкінішке қарай, көктем басталғалы бері 44 саяжай учаскесіндегі жиырма алты құрылыс алаңы өртке оранды. Өрттің шығуына себеп болған негізгі фактор - тұрғындардың өткен жылдан қалған жапырақтар мен құрғақ шөпті өртеуі. Саяжайларға әлі су берілген жоқ. Сондықтан адамдар жаққан отын өз күшімен сөндіре алмайды, - дейді Павлодар облысы ТЖД-ің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Ернұр Өтегенов. 

Дала өрті де көбейген. Маусым басталғалы облыс аумағында жалпы аумағы 4,3 мың гектар алқапта 90 өрт жағдайы тіркелді. Өңірлік ТЖД бастығы құрғақ шөпті өртеу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын жеткізді.

Эльмира Мәмбетқызы

Серіктес жаңалықтары