Алматыда фристайлдан FIS Әлем Кубогының финалында қазақстандық спортшы қыздар жүлдесіз қалды
Жарыс «могул», «параллель могул» және «шаңғы акробатикасы» бағыттары бойынша өтті
Алматыда фристайлдан FIS Әлем Кубогының финалында Юлия Галышева бастаған қазақстандық спортшы қыздар жүлдесіз қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
Әйелдер арасында отандасымыз, танымал спортшы Юлия Галышева 68.58 ұпай жинап, бесінші орынға ие болды. Жеңіс тұғырына 82.74 ұпай жинаған австралиялық Энтони Джакара көтерілді.
Спорттық уикенд көрермендерге үш күн керемет сайыстар сыйлады, онда әлемнің фристайл жұлдыздары өздерінің өнерлері мен шеберліктерін көрсетті.
«Могул» бағыты бойынша ерлер арасында өткен сайыстарда Канада, Жапония мен Австралияның споршылары жүлдегер атанды. Ал әйелдер арасында австралиялық Anthony Jakara алтын алса, америкалық Macuga Alli мен Soar Hannah күміс пен қолда жүлделерді өзара бөлісті.
«Сондай-ақ аталған бағыта мезгілдің қорытындысы бойынша спортшылар марапатталды. Жалпы есепте бірінші орынның және кіші хрусталь глобустың иегерлері Ikuma Horishima (JAP) және Anthony Jakara (AUS) болды. «Параллель могул» бағытында әлемнің үздік атлеттерінің нағыз тартысты сайысына куә болдық. Отандасымыз Павел Колмаков үлкен финалға өтіп, сол жақта ғана атақты канадалық фристайлшы Микаэлю Кингсбериден артта қалып, Әлем Кубогы кезеңінің күміс жүлдегері атанды», - деп хабарлады «Шымбұлақ» тау шаңғы курортының баспасөз қызметі.
Жарыстың қорытындысы бойынша жалпы есепте шаңғы акробатикасы бағытында ерлер арасында Qi Guangpu (CHN), ал әйелдер арасында Danielle Scott (AUS) хрусталь глобустың иесі атанды. «Жылдың жаңа тұлғасы» атағын ерлер арасында Zhang Yifan (CHN), ал әйелдер арасында Tassia Taner (USA) иеленді. Ұлт кубогын АҚШ командасы жеңіп алды.
Сайыстарға 16 елдің халықаралық деңгейдегі 100-ден астам спортшысы қатысты. Қазақстанның атынан 15 спортшы шықты. «Могул/параллель могул» бағытында 10 атлет, «шаңғы акробатикасы» бағытында 5 атлет бақ сынады.