29.02.2024, 14:41
Оқиғалар
Душанбеде бір отбасының 6 адамы ыс тиіп көз жұмды
Ерлі-зайыпты екеу мен олардың 4 баласының денесін көршілері тапқан
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев
Душанбеде алты адамнан тұратын отбасы ыс тиіп қаза болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы Тәжікстан үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитеті хабарлады.
«Бір отбасының алты мүшесі улы газдан қайтыс болды», - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, оқиға 28 ақпанға қараған түні Душанбенің солтүстігіндегі Фирдауси ауданында болған.
Asia-Plus порталының хабарлауынша, қаза тапқандар арасында 6 мен 11 жас аралығындағы төрт бала, сондай-ақ олардың әкесі мен анасы болған. Үй көмір жағатын пешпен жылытылған. Марқұмдардың денесін көршілері тауып алып, оқиға туралы жедел қызметке хабарлаған.
Көп оқылған
14.08.2026, 08:41
Оралда сегіз жасар қыз септикке құлап, көз жұмды
14.08.2026, 10:46
«Бордюр мен автобус арасынан өтпек болған»: елордада самокат мінген жасөспірім автобустың астына түсті
14.08.2026, 15:20
Бір ай комада жатты: Астанада аттан жығылған қыз ауруханада көз жұмды
14.08.2026, 09:35
«1 млрд тг пайда тапқан»: Ұлытауда карьерді рекультивациялау жұмысының астында заңсыз кен өндіріліп келген