29.02.2024, 15:48
Оқиғалар
Жамбыл облысында 479 млн теңгеге заңсыз мемлекеттік сатып алудың жолы кесілді
Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде аталған конкурс бұзылды
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев
Жамбыл облысының прокурорлары 479 млн теңгеге заңсыз мемлекеттік сатып алудың жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қордай ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органымен «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң талаптарының сақталуына жүргізілген талдау барысында құны 479 млн теңгеге облыстық маңызы бар автожолдың орташа жөндеу жұмысы бойынша мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысын дұрыс анықтамау фактісін анықтады», - делінген прокуратура хабарламасында.
Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде аталған конкурс бұзылды.
Нәтижесінде бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуының алды алынды.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды