28.02.2024, 14:18
Оқиғалар
Шымкентте монша алдында атыс болды
Полиция күдіктінің кім екенін анықтап, бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды
Фото: Әсет Құндақбаев
Шымкентте Жібек жолы көшесі бойындағы «Люкс» моншасының алдында атыс болды. Оқиға кеше, 27 ақпан күні кешкі сағат 8-ден шамасында орын алған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ақпараттық агенттігі otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, жанжал кезінде жас жігіт қарсыласына оқ жаудырған. Жәбірленуші дереу ауруханаға жеткізілген. Оқиға орнынан атыс қаруының гильзалары табылған. Болжам бойынша оқ травматикалық тапаншадан атылған.
Полиция күдіктінің кім екенін анықтап, бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
03.10.2026, 06:18
Жамбыл облысында жүк пойызы 70 қойды қағып кетті
03.10.2026, 16:30
4 қазан күні ауа райы қандай болады
03.10.2026, 12:31
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті бес жылдан кейін Қазақстанға қайтарылды
03.10.2026, 20:18
4 қазанда бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
03.10.2026, 18:30
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды