$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түрмедегі төбелес: Қарағанды облысындағы түзету колониясында сотталушы қайтыс болды

Жаппай төбелес орын алған түрмеде тексеріс басталды  

Түрмедегі төбелес: Қарағанды облысындағы түзету колониясында сотталушы қайтыс болды
Фото: Әсет Құндақбаев

Қарағанды облысында қатаң режимдегі түрмеде төбелес шығып, оның соңы адам өлімімен аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Қарағанды облысындағы қауіпсіздігі жоғары колонияда сотталғандар жаппай төбелесті. Аймақтық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәлімдеуінше, жанжал 24 ақпан күні орын алған.

«№ 29 қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде сотталғандар арасында жанжал болды, соның салдарынан олардың біреуі оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта колонияда тексеру жүргізіліп жатыр. Оның нәтижелері бойынша мекеме қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.

№ 29 түзету мекемесі  Абай қаласында орналасқан.

Серіктес жаңалықтары