$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.04.2020, 10:39
Оқиғалар

Түркістан облысында таудың тасын заңсыз тасыған азамат жауапқа тартылды

КамАЗ жүргізушісі табиғат қорғау заңнамасын бұзып, заңсыз қиыршық тас тасымалдаған

Түркістан облысында таудың тасын заңсыз тасыған азамат жауапқа тартылды

Түркістан облысы полицейлері заңсыз тау тасын тасыған азаматты жауапқа тартты, деп хабарлайды Polisia.kz

Бәйдібек АПБ-нің жергілікті полиция қызметкерлері табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактісін анықтап, заңсыз қиыршық тас алып, тасымалдағаны үшін КамАЗ жүргізушісін жауапкершілікке тартты.

«Бұған дейін әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде пайдаланушылардың бірі Қошқар-ата-Шаян тас жолы бойында қиыршық тас тасымалдаған жүк автокөлігі бар бейнежазба орналастырғаны анықталды. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Бәйдібек АПБ-нің полиция қызметкерлері КАМАЗ жүргізушісінің жеке тұлғасын анықтады, ол жергілікті тұрғын болып шықты. Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590 бабы 2 бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 13 мың теңгеден астам айыппұл салынды», - делінген облыстық ПД хабарламасында.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Түркістан облысы полицейлері азаматтарға әрбір заңға қайшы жасалған іс-әрекеттердің соңы қылмыстық, әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Серіктес жаңалықтары