22.02.2024, 21:19
Оқиғалар
Астанада бірнеше көліктің қатысуымен жол апаты болып, бір адам көз жұмды
Жол апаты фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Фото: t.me/astanovka98
Бүгін, 22 ақпанда Астанада жүк көлігі, автобус және жол талғамайтын көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл туралы Астана қалалық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полицияның хабарлауынша, жол апаты Мұхамедханов – Омаров көшелерінің қиылысында болды.
«Жүк көлігі, маршруттық автобус және Toyota Prado жол талғамайтын көліктің қатысуымен болған жол апаты фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген ПД хабарламасында.
Сондай-ақ, ведомство оқиға орнында елордалық полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатқанын нақтылады.
Жаппай жол апаты кезінде жаяу жүргінші жан тапсырды.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: Оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді