Ақтауда мемлекеттік ақпараттық жүйелерді бұзған хакер сотталды
Ол 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді
Ақтауда мемлекеттік ақпарат жүйелеріне заңсыз қол жеткізген хакер үш жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қылмыстық кодекстің 147-бабы 3, 4-бөліктері, 205-бабы 2-бөлігі және 208-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылықты жасауда кінәлі деп танылған Қазақстан азаматына қатысты Ақтау қаласы сотының үкімі заңды күшіне енді», - делінген ҰҚК хабарламасында.
Ол 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
«Сотталған елдің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының маңызды нысандары болып табылатын мемлекеттік ақпарат жүйелеріне заңсыз қол жеткізуді жүзеге асырғаны тергеумен анықталды», - делінген хабарламада.
Фигуранттың ақшалай сыйақыға одан әрі үшінші адамдарға беру үшін ҚР азаматтарының жеке деректерін заңсыз алу фактісі толық дәлелденді.