$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.02.2024, 10:27
Оқиғалар

Жедел штаб құрылды: Майқайың кентінде құбырда апат болды

Тұрғындар судан ажыратылған жоқ

Жедел штаб құрылды: Майқайың кентінде құбырда апат болды
Фото: dzen.ru

Майқайың кентінде су құбырында ақау анықталды. Аталған дерек бойынша Асайын Байхановтың қатысуымен жедел штаб құрылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Pavlodarnews-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 ақпанда Баянауыл ауданының Майқайың кентіне диаметрі 1020 мм суық сумен жабдықтау құбырында ақау анықталды. Ақау учаскесі «Екібастұз қалалық су арнасы» МКК екінші көтергіш сорғысынан 27 км қашықтықта орналасқан.

Жағдайға байланысты жедел штаб ұйымдастырылды. Ол жерде аймақ басшысы Асайын Байханов, Екібастұз қаласының және Баянауыл ауданының әкімі, сондай-ақ, облыс ТЖД басшысы бар. 

«Ақаудың себебін анықтау және жою жұмыстарын «Екібастұз қалалық су арнасы» МКК күштерімен жүргізілуде. Жөндеу жұмыстарына 30 адам және 10 мамандандырылған техника жұмылдырылды. Сондай-ақ сол жерде Павлодар облысы ТЖД және «Майқайың-алтын» АҚ мамандары жұмыс істеуде», – деді облыс әкімдігінде. 

Майқайың кентінің тұтынушылары – тұрғындар судан ажыратылған жоқ. Сумен жабдықтау төмен қысымда жүргізілуде. Анықталған ақау жойылғаннан кейін толыққанды беру қайта басталады.

Серіктес жаңалықтары