5 жасар қыздың өлімі: Сарыағашта пробация қызметкері 2 жылға сотталды
Ол енді екі жыл құқық қорғау органдарында лауазымды қызмет атқара алмайды

Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өліміне қатысты істі болған пробация қызметкеріне сот шешім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Ісіне салғырттық танытты» деп күдікке ілінген пробация қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты. Сарыағаш ауданында 5 жасар қызды азаптап өлтірді деп өмір бойына сотталған Гаийбназаров бас бостандығынан шектелген кезде пробация қызметкерінің қарауында болған. Сот шешімімен сезікті 2 жылға бас бостандығынан айырылды. «ҚР ҚК 371 бабы 2 бөлігінде көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Күдікті 2 жылға бас бостандығынан айырылсын», - деп үкім шығарды Сарыағаш аудандық сотының судьясы Жасұлан Орынбаев.
Сонымен қатар, сотталушы 2 жыл құқық қорғау органдарында лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды.
Еске салайық, өткен жылдың шілдесінде Сырығаш ауданы Жібек жолы ауылында 5 жасар қыздың өлімі бүкіл қазақстандықтардың жағасын ұстатқан еді.
Қылмыскер көрші үйде тұратын ер адам болып шықты. Оның қорасынан бірнеше пышақ жарақаты бар қыздың денесі табылды. Бұл ретте, ата-анасының айтуынша, сотталушы ауыл тұрғындарымен бірге 5 жасар қызын іздеуге қатысқан.
Сот Сайдолим Ғайбназаровты өмір бойына бас бостандығынан айыру, химиялық кастрация жасау және қыздың ата-анасына жүз миллион теңге төлеуге үкім шығарды. Аса ауыр қылмыс жасағанға дейін ол кісі өлтіргені үшін 10 жылға жуық жазасын өтеп, 2023 жылы мамырда досын жарақаттағаны үшін үш жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген.
Көпшіліктің наразылығынан кейін Сарыағаш аудандық сотының төрағасы қызметінен босатылды.