$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.07.2023, 08:38
Оқиғалар

Түркістан облысында жоғалған 5 жасар қыздың денесі жергілікті тұрғынның үйінен табылды

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

Түркістан облысында жоғалған 5 жасар қыздың денесі жергілікті тұрғынның үйінен табылды
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында 5 жасар қыздың зорлық-зомбылық ізі бар денесі жергілікті тұрғынның үйінен табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаменті аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

«13 шілдеде Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған қызының жоғалып кеткені туралы арыз жазды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ауыл тұрғындарының бірінің үйінен дене жарақаты бар қыздың денесін тапты», - делінген хабарламада.

Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

«Күдікті Сарыағаш АПБ-ға жеткізіліп, қамауға алынды. Барлық жағдайлар анықталып жатыр», - делінген хабарламада.

Оқиға орнына полиция бөлімінің басшылығы, аудандық прокурордың орынбасары және жедел-тергеу тобы барды.

«Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының жіті бақылауында», - дейді ПД өкілдері.

Қоғам белсендісі Дина Таңсәрінің жазуынша, 5 жасар қыз бала асқан айуандықпен өлтірілген.

«Қыз баланы өлтірді делінген күдікті - 1975 жылы туған ер адам бұрын өлтіргені үшін сотталған, сонымен қатар ҚР ҚК-нің 106-бабы бойынша нашақорларға қатысты пробациялық бақылауда болған», - деп жазды Дина Таңсәрі.

Серіктес жаңалықтары